Ссылки доступа

«Туркменнефть» жұмысшылар мен жұмыс уақытын қысқарта бастады


«Туркменнефть» мемлекеттік концернінің бірқатар бөлімшелерінде өткен ұжым жиналыстарда кәсіпорын басшылығы жұмысшылардың бір бөлігін қысқарту туралы бұйрық түскенін, сондай-ақ қысқартылған жұмыс күніне көшетінін жариялады.

Атап айтқанда, концерннің жөндеу-құрылыс басқармасы 1 қыркүйектен бастап төрт сағаттық жұмыс күніне ауысады, 75 жұмысшы босатылады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қысқартулардың бірыңғайы жүйесі жоқ. Әрбір бөлімше өз ыңғайына қарай, басшыларының ұйымдастыруымен әрекет ете бастады. Жаппай қысқарту болмас үшін, толық емес жұмыс күні енгізіліп жатыр. Кейбір мекемелер жұмысшыларды екі топқа бөлген: апта басында бір топ, аяғында – екінші топ жұмысқа шығады.

Геофизиктер жұмыс аптасын үш күнге қысқартқан – үш күн жұмыс, қалған екі күнін ақысыз демалыста өткізеді.

Хабарларға қарағанда, концерннің көптеген басқармаларында зейнеткерлер қалмаған. Енді зейнетке жақындап қалған жұмысшылар қысқартыла бастады.

Еске салайық, 15 шілдеде Түркіменстан министрлері кеңсесінің отырысында ел президенті Мұнай және газ министрлігін, сондай-ақ көмірсутекті ресурстарды пайдалану және басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігін қысқартқан еді.

XS
SM
MD
LG