Ссылки доступа

Өзбекстанда «Ахмадбай» ісі бойынша милиция басшысы қызметінен кетті


Тәшкент облысы Чиназ ауданының ішкі істер басқармасының басшысы Отабек Ганибеков кәсіпкер Ахмад Тұрсынбаев ісі бойынша қызметінен кетті. Оның орнына подполковник Шухрат Темуров келді.

Озодлик радиосының құқық қорғау органдарындағы дереккөзге қарағанда, жаңа басшы бірінші күні өткізген жиналыста мемлекеттік қызметкер жергілікті кәсіпкермен бірлесіп бизнес жасамау керек екенін, тек мемлекеттің мүддесін ойлау қажеттігін айтқан.

Дереккөздің мәліметінше, «Ахмадбайды» тек ғана ішкі істер қызметкерлері ғана емес, прокуратура мен хокимият өкілдері де қолдап келген. «Чиназ ішкі істер басқармасының басшысы Ахмад Турсунбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті және кәсіпкерге қарсы шыққан адамдарды жазалаумен айналысқан. Егер кімде-кім «Ахмадбайға» қарсы шағым айтып келсе, олар бірден қаржы пирамидасын тұрғызған адамға ескертіп отырған. Аудандық милиция мен прокуратура «Ахмадбайға» жұмыс істеген. Сол себептен Чиназ ауданының милиция басшысын қызметінен алды», – дейді дереккөз.

Өзбекстанның бірнеше арналарынан Ахмад Тұрсынбаевтың қаржы пирамидасы туралы көрсетті. Қазіргі уақытта халық арасында «Ахмадбай» есімімен танымал болып кеткен Ахмад Тұрсынбаев Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің алаяқтық жасады деген бабы бойынша айыпталып, қамауда отыр.


XS
SM
MD
LG