Ссылки доступа

Немцов өлімі жөніндегі істі алқабилер соты қарайды


Мәскеу округтік соты 24 тамызда ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың ісі бойынша сотқа қатысатын алқабилерді іріктейді. Бұл жөнінде «Интерфакс» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Істі алқабилер қарасын деген ұсынысты жәбірленуші тараптың адвокаты ұсынған.

Немцов өліміне қатысты алдын ала тыңдау 25 шілдеде басталып, сейсенбіге ауыстырылған. Іс жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Сот ғимараты алдында Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтан сұрау алуды талап еткен жалғыз адамдардың акциясы өтіп жатыр.

Немцовтың өліміне қатысты бес адам айыпталып отыр. Олардың ішінде ішкі әскердің бұрынғы офицері Заур Дадаев және Шешенстанның төрт азаматы бар. Дүйсенбі күні прокуратура олардың қамау мерзімін ұзартуды сұрады. Борис Немцов 2015 жылдың 28 ақпанына қараған түні Мәскеуде Кремль маңында жендеттердің қолынан қаза тапты.

XS
SM
MD
LG