Ссылки доступа

АҚШ кибер шабуылдаушыларға қатысты санкция енгізеді


​АҚШ кибер шабуылды ұйымдастырушыларға қарсы санкция енгізеді деп мәлімдеді Ақ үйдің терроризмге қарсы күрес жөніндегі кеңесшісі Лиза Монако.

Оның сөздерінше, Ресей мен Қытай кибер кеңістікте әбден жетіліп, адуынды операторға айналып бара жатыр. Монако кибер шабуылдың ғаламдық деңгейде қауіпке айналып отырғанын айтады. Мәселен, Иран америкалық банктердің жүйесіне шабуыл жасап, клинеттерге қызмет көрсету ісіне зиян келтірген. Солтүстік Корея да ақпараттық жүйеге шабуыл жасай алатын қабілетін көрсетіп келеді.

АҚШ елдің маңызды инфрақұрылымын шабуылдаушыларға қарсы санкция енгізетіндей, үкімет деңгейінде арнайы қаулы қабылдайтынын айтады.


XS
SM
MD
LG