Ссылки доступа

Хиллари Клинтон – демократтар атынан АҚШ президенттігіне үміткер


Сейсенбі күні кешке Хиллари Клинтон, Құрама Штаттар тарихында алғаш рет, елдегі екі негізгі партиялардың бірі атынан АҚШ президенттігіне ұсынылған әйел саясаткер атанды.

Демократиялық партия съезінің мәжіліс залына жиналған делегаттардың 2382-сі Клинтонға дауыс бергені анықталған соң, оның басты қарсыласы - Вермонт сенаторы Берни Сандерс саясаткер әйел партия атынан президенттікке үміткер атанғанын жариялады. Сандерстің бұл әрекеті алдын ала сайлаулардағы ұзақ процестен соң, партия ішіндегі бірліктің сақталғанын көрсетті. Саяси науқанның алғашқы кезеңінде Сандерс жақтастары Филадельфиядағы партия съезінде Клинтонға соққы беретіндерін мәлімдеген еді.

The Wall Street Journal газетінің тапсырысы бойынша жүргізілген соңғы сауалнама нәтижесі бойынша, зерттеуге қатысушылардың 55 пайызы Хиллари Клинтонды қолдамайтындарын жеткізген. Бұл - Дональд Трамптың негативті рейтингінен бар болғаны 5 пайызға төмен көрсеткіш. Демократиялық партия съезінде сөйлейтін әйгілі саясаткерлер - Мишель және Барака Обамалардың, Билл Клинтон мен Берни Сандерстің басты мақсаты – партия үміткерін елге барынша жақсы жағынан таныстыру.

XS
SM
MD
LG