Ссылки доступа

БАҚ: Қырғызстанда «Себат» мүлкінің құны 100 млн доллардан асады


Қырғызстандағы «Себат» білім мекемелерінің мүлік құны 100 миллион доллардан асады, ал салалас мекемелердегі қызметкерлер саны - 2200 адам. Бұл туралы «Анадолу» түрік ақпарат агенттігі хабарлады.

Түрік басылымдары «Себат» білім мекемелерін оппозиция қайраткері Фетхуллах Гүленмен байланыстырады. Қазіргі таңда республиканың барлық облыстарында 16 лицей жұмыс істейді, соның тоғызында бастауыш және орта сыныптар ашылған, сондай-ақ екі халықаралық мектеп - Silk Road және Cambridge, бұлардан бөлек«Ататүрк - Алатоо» халықаралық университеті бар.

Естеріңізге салайық, 2016 жылы 16 шілдеде Түркиядағы сәтсіз әскери төңкеріс салдарынан 290 адам қаза тапты, шамамен 1400 адам жараланды. Түркия билігі бүлікті қазір АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гүлен ұйымдастырды деп есептейді. Ресми Анкара оппозициялық саясаткерді ұстап, оны Түркияға экстрадициялауын талап етті.

Кейін Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу Қырғызстанда Гүлен қозғалысының ықпалы күшейді деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Анкара Қырғызстан билігін осы қозғалыстың қауіпті екенінен хабардар еткен.

XS
SM
MD
LG