Ссылки доступа

БҰҰ бас хатшысы олимпиадалық ымыраласуға шақырды (видео)


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун жанжалдасушы барлық тарапты олимпиадалық ымыраласуға – қаруды орнына қойып, Риодағы жазғы Олимпиада ойындары кезінде барлық қайшылықтарды ұмытуға шақырды, деп хабарлады Deutsche Welle.

«Бейбітшілік бізден басталады», - деді ол, 26 шілдеде Twitter әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежолдауында.

Дүниежүзілік ұйым басшысының айтуынша, Халықаралық олимпиада комитеті мен БҰҰ «бейбітшілік және жаһандық үйлесімділік үшін» өзара тығыз қарым-қатынас орнатты.

«Мен алдағы апталарда Рионың спорт ареналарын толтыратын бүкіл спортшылар мен жанкүйерлерді құттықтаймын. Олимпиада және Паралимпиада ойындарын адамзат атаулы тойлайды», - деді Пан Ги Мун.

БҰҰ-ның 193 мемлекетті біріктіретін Бас ассамблеясы 1993 жылдан бері олимпиадалық ымыраласу туралы қарар қабылдап келеді, соған қарамастан соғыстар тоқтамай отыр.

XS
SM
MD
LG