Ссылки доступа

Өзбекстанда Тәуелсіздік Күніне дайындық: шыршалар боялып жатыр


Ташкентте шыршалар бояла бастады: қала 1 қыркүйек - Тәуелсіздік Күніне дайындыққа қызу кірісіп кетті.

Ақшыл көк түске боялған шыршаларды Ташкент тұрғыны Фарида Шарифуллина 27 шілде күні суретке түсіріп алған. «Камолот» стадионында боялған шыршалар саны оннан асады.

Еске салайық, Өзбекстан бірнеше жылдан бері шырша егуге кірісті. Олар жергілікті тұрғындарға аптап ыстықтан жүздеген жылдары бойы пана болып келген шынар және басқа да жапырақты ағаштарды алмастырды. Қылқан жапырақтылардың көлеңкесін паналай алмау былай тұрсын, шыршалар жерсінер емес. Соған қарамастан, билік оларды отырғызуын доғармай отыр. Енді сарғайып кеткен шыршаларды үнемі бояп қоятынды шығарды. Қылқан жапырақтыларға зиянды осы іспен айналысатын жұмысшылардың бірінінің айтуынша, бір шыршаны бояуға алты баллон аэроль бояуы қажет.

Биологтардың пікірлерінше, ағаштарды бояуға болмайды, өйткені олардың жапырақтары бітеліп қалса, газ алмасу процесі тежеледі. Бұл жағдай оның діңгегі мен тамырына зиян тигізіп, ағаш ақыры өліп қалады.

XS
SM
MD
LG