Ссылки доступа

Ресейлік офицер тәжік қызын өлтіргені үшін 12 жылға сотталды


Ресейдің әскери соты Тәжікстандағы 201-ші ресейлік базаның офицері Иван Щербаковты Душанбенің 22 жастағы тұрғыны Шоира Джобированы өлтірді деп 12 жылға бас бостандығынан айырды. Сот сонымен бірге марқұмның отбасына 1,5 млн рубль айыппұл төлеуді міндеттеді.

Сот үкіміне сәйкес, Иван Щербаков жазасын Красноярск аймағындағы түзеу мекемесінде өтейді. Шоира Джобированың туысы Навруз Султонова сот үкіміне қанағаттанатынын, қайта шағымданбайтынын айтты.

Тәжікстандағы 201-ші ресейлік әскери базаның офицері Иван Щербаков Шоира Джобированы өлтірді деген күдікпен өткен жылдың 9 қарашасында қамауға алынды. Тергеу ісі марқұмның азаптап өлтірілгенін айтқан.

Кейін күдіктіні бірден Екатеринбургке жіберіп, бес ай бойында психологиялық тексеруден өткізді. Дәрігерлер оның ақыл-есінің дұрыс екендігіне көз жеткізгеннен кейін Душанбеге тергеу ісіне қайта жіберді.

XS
SM
MD
LG