Ссылки доступа

Украина Қырымның Оңтүстік федералдық округке қосылуына қарсы


Украинаның сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қырымды Оңтүстік федералдық округке қосуына қарсылық білдірді. Бұл жөнінде сыртқы істер министрі Алексей Макеев "112 Украина" телеканалы арқылы мәлімдеді.

"Ресейдің мұндай қадамы агрессор-мемлекет тарабынан Украинаның егемендігін, БҰҰ жарғысы мен өзге де халықаралық міндеттемелерді ескермеуі деп білеміз. Тиісті нота жақын күндері Ресей елшілігіне жіберіледі", – деп мәлімдеді Макеев.

Осының алдында Ресей президенті Владимир Путин Қырым федералдық округті жойып, Ресей басып алған түбекті Оңтүстік федералдық округ құрамына енгізу жөнінде жарлыққа қол қойған. Президенттің Қырым федералдық округіндегі уәкілетті өкілі Олег Белавенцев отставкаға жіберіліп, президенттің Солтүстік Кавказ федералдық округіндегі уәкілетті өкілі болып тағайындалған.

Бұдан өзге, бүгін Ресейдің Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Зурабов қызметінен босатылған.

Қырым федералдық округі 2014 жылы наурызда Ресей Қырымды Украинадан аннексиялап алған соң құрылған болатын.

XS
SM
MD
LG