Ссылки доступа

Сот өзбекстандық бала күтушіні қамауда ұстау мерзімін ұзартты


Мәскеудегі сот Гүлчехра Бобокулованы қамауда ұстау мерзімін 29 тамызға дейін ұзартты. Бала күтушіге биыл ақпанда төрт жастағы баланы өлтірді деген айып тағылған.

Психиатриялық сараптама Бобокулованың есі дұрыс еместігін анықтады. Айыпталушы емдел қабылдау үшін өзін отанына қайтаруын өтінді, деп хабарлады ТАСС. Бобокулованы қамауда ұстау мерзімі талқыланған сот отырысында ол Өзбекстанда шизофрениядан емделгенін, Самарқандағы психикалық жүйке аурулары диспансерінің есебінде тұрғанын айтқан.

Гүлчехра Бобокулова биыл 29 ақпанда Мәскеудегі «Октябрьское поле» метро бекетіне жақын маңда ұсталды. Ол қолына баланың кесілген басын ұстап тұрған. Куәгерлердің айтуларынша, әйел өзін жарып айтып өорқытып, «Аллах Акбар» деп айқайлаған. Кейін оның төрт жастағы қыздың күтушісі болып істегені анықталды. Тергеу нұсқасы бойынша, баланың ата-аналары үйден шығып кеткенде, ол баланы өлтіріп, пәтерді өртеп жіберген. Оған кәмелет жасқа толмаған адамды өлтірді деген айып тағылды.

Бобокулова жасағын қылмысын мойындады, осы әрекеті арқылы ол Ресей президенті Владимир Путиннен Сирияны бомбалағаны үшін кек алғасы келгенін айтты.

XS
SM
MD
LG