Ссылки доступа

Бішкекте жарылған автокөлік прокуратура қызметкерінің қолының буынын жұлып жіберді


Бішкектің оңтүстік-шығысындағы Орто-Сай ауылында машина жарылып, бір адам зардап шекті. Бұл туралы "Азаттыққа" Жедел жәрдем бекетінен хабарлады.

Автокөлік жарылысы бүгін, 29 шілдеде, сағат 9-дар шамасында болған. Зардап шегуші қазір ауруханада жатыр.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, зардап шегуші - прокуратураның 34 жастағы қызметкері Эркин Курманалиев.

Прокуратура қызметкерінің бетін күйік шалып, бір көзінен және қол буынынан айрылды. Оған операция жасап жатыр, бірақ дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалады.

Қазір милиция қызметкерлері шұғыл тергеу жұмыстарын жүргізіп жүр.

XS
SM
MD
LG