Ссылки доступа

Тәжікстанда қызмет көлігін бюджет есебінен сатып алуды тоқтатты


Тәжікстанның қаржы министрі Абдусалом Курбониён бүгін баспасөз мәслихатын өткізіп, ішкі аудит нәтижесінде мақсатсыз жұмсалған 7 миллион сомони анықталғанын мәлімдеді.

Абдусалом Курбониён президенттің бюджет шығынан 450 миллион сомониге қысқарту туралы тапсырмасын орындау барысында, автомобиль және жиһаз, сондай-ақ ғимарат құрылыстарының шығындары қысқартылатынын ескертті. Енді бұл шығындар Әлеуметтік сақтандыру агенттігі есебінен өтелетін болады.

Осылайша, бюджет шығыны 450 миллион сомониге үнемделеді. Жақында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік шығындарды осы сомаға қысқартуды және биылғы жылдың бюджетіне өзгертулер енгізуді тапсырған еді.

Министрдің айтуынша, әріптес елдердегі саяси және экономикалық дағдарыс, басқа да сыртқы факторлар Тәжікстан экономикасына, әсіресе оның бюджетіне қатты әсер етті. Жарты жылда елдің жалпы бюджет көлемі 8,2 миллиард сомониге немесе 99,4 пайызға орындалды, деді министр.

XS
SM
MD
LG