Ссылки доступа

Түркіменстанда азық-түлік пен тауар қымбаттады


Түркіменстанда шілдеде бағаның көтерілуі дәстүрге айналып барады. Әдетте баға президент Гурбангулы Бердымухаметовтың 2017 жылдан бастап айлық, зейнетақы, өтемақы және стипендия көлемі 10 пайызға артатынын халыққа жариялаған сәттен-ақ көтеріліп шыға келеді, деп хабарлады жергілікті басылымдар.

Губадаг және Болдумсаз қалаларындағы базарларда бір ай бұрын қанттың бір келісі 3-3,2 манат болса, бүгін ол 4-4,5 манаттан тұр. Ел астанасында қанттың бағасы 5 манат, тіпті кейбір жерлерде 6 манаттан сатылып жатыр (1 доллардың ресми бағамы 3,5 манатқа тең).

Балканабад пен Тукменбашиде кофе қымбаттап кетті. Шеттен әкелінетін басқа да тауарлар мен азық-түлік бағасы өсті. Мысалы, бір литр күнбағыс майы 2 манатқа қымбаттап, 8 манаттан сатылып жатыр. Ашхабадтағы бірқатар базарларда еттен жасалған жартылай фабрикаттар құны өскен. Көктемде 12 манат тұратын ет өнімдерінің құны енді 20 манатқа шарықтап кетті.

Күнделікті девальвациядан сескенген саудагерлер тауарды бөлшектеп сатуға қорқып қалған. Дәрі-дәрмектер құны да елеулі түрде көтерілген.

Елдегі бағаның қымбаттауын экономиканың құлдырауымен, кәсіпорындар валютасын конвертациялауға тыйым салынғандығымен және келесі жылдан бастап айлық пен зейнетақының өсетіндігімен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG