Ссылки доступа

Pokemon Go ойынының Ресей заңдарына сәйкестігі тексеріледі


Pokemon Go электрондың ойыны Ресейдегі қолданушыларға жеткен уақытта, оның ресейлік заңнамаларға сәйкестігі тексерілетін болады. Бұл туралы Роскомнадзор басшысы Александр Жаров "Известия" газетіне берген сұхбатында мәлімеді.

Дей тұрғанмен, Жаров ойынды жасаушылар "жергілікті карталардың жаңаруы мен мәліметтер базасын дайындауда тыңшылық мақсатты" көздемеген болар деп есептейді.

Pokemon Go ойынында географиялық орналасу мәліметі қолданылады, ол смартфон картасына қосылып, қосымша шынайылық эффектін жасайды. Жақын уақытта ойын ресейліктер үшін App Store және Google Play-де пайда болады. Қазірдің өзінде ойынды түрлі шектеулерді айналып өту арқылы қалай жүктеп алуға болатындығы туралы нұсқаулар интернетте бар.

XS
SM
MD
LG