Ссылки доступа

Мәсімов автобанда велосипед тепкені үшін айыппұл төледі


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ақмола облысындағы автомагистральда велосипед тепкені үшін 10605 теңге (30 доллар) айыппұл төлегені туралы Instagram әлеуметтік желісінде жазды деп хабарлады «Қазақпарат».

Бұған дейін Instagram әлеуметтік желісінде премьердің парақшасында Мәсімовтің Ақмола облысы Шортанды ауданындағы Бозайғыр ауылы маңында, автобанның үстінде велосипедпен түскен суреті жарияланғаннан кейін «Азаматтық патруль» ұйымының белсенділері жол ережесін бұзғаны үшін оны жауапқа тартуды талап еткен.

Енді Кәрім Мәсімов веложарыс кезінде түскен даулы суретімен қоса айыппұл төлегені туралы түбіртектің көшірмесін де Instagram парақшасына жариялаған.

Бүгін қазақстандық жаңалық сайттары жариялаған фотода Кәрім Мәсімовтің «күнделікті таңертең жүгірумен» айналысатыны бейнеленген.

XS
SM
MD
LG