Ссылки доступа

Атамбаев Түркияның "шартпен" берген көмегінен бас тартты


Қырғызстанға әлдекімнің шартпен берген көмегі қажет емес. Бұл туралы 1 шілдеде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Шолпан-Атада өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ол Түркияның Қырғызстанға жарна төлеуге көмектескенін мойындады. "Ия, бізде қиыншылық болғаны рас, бірақ мен көмектесіп алып, одан соң шарт қоюдың қажеті жоқ деп ойлаймын", - деді Атамбаев

Түркия СІМ-нің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген Атамбаев: "Ол сондай ақылды болса, елдегі төңірестің болатынын неге білмей қалды екен. Бізді оқытудың қажеті жоқ, біз не істеу керектігін өзіміз шеше алатын егемен елміз", - деді Атамбаев.

Мемлекет басшысы "гүлен қозғалысы" Қырғызстанда тәртіпсіздікке алып келеді деген мәлімдемелерді ақылға сыйымсыз деп атады. "Қырғызстанда қырғыз-түрік мектептері елдің білім министрлігінің оқу жоспары бойынша жұмыс істейді. Меселе туындап жатса, біз оны зерттейміз", - деді Атамбаев.

XS
SM
MD
LG