Ссылки доступа

Душанбелік балалар пластмасса бөтелке сатумен пайда табады (видео)


Душанбе көшелеріндегі қоқыстарға тасталған қағаз бен пластмасса бөтелке балалардың жазғы демалыс уақытында табыс көзіне айналды.

12 жасқа енді ғана толған Эхсон Нозилшоев құрдастарымен бірге күнде астаналық «Гипрозем» шағын ауданының даңғылдары мен көшелерінде қағаз қоқыс пен пластмасса бөтелке жинап, оларды өткізумен айналысады. Осы ауданда қағаз бен пластик қабылдайтын пунк жұмыс істейді.

Пунк қожайыны Лутфуллох Мирзомуродовтың айтуынша, жиналған қоқыстан азық-түлік салуға арналған пластмасса жәшіктер, ал қоқыс қағаздардан әжетхана қағазы мен жұмыртқа қорабы дайындалады. Оның айтуынша, целлофандарды қайта өңдеп шығаруға болады, ал жұмсақ пластиктен кетчупке арналған құты дайындауға болады.

Бұған дейін экология белсенділері қала көшелері мен өзен жағалаулары қоқысқа, әсіресе пластмассадан жасалған бұйымдарға толып кеткенініне алаңдаған еді. Өйткені табиғатты ластайтын мұндай қоқыстардың ыдырауына көп жылдар кетеді.

XS
SM
MD
LG