Ссылки доступа

"Ислам мемлекеті" тікелей Ресейге қоқан-лоқы көрсетті


«Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының басшылығы жақтастарын Ресейге жихад жасауға шақырды. Интернетте жарияланған тоғыз минуттық бейнежазбада жихадшылардың Ресей азаматтарын «үйлерінде» өлтіргісі келетіні туралы ескертулер бар, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Бейнежазбаның түпнұсқаға сайлығын тәуелсіз дереккөздер арқылы дәлелдеу әзірге мүмкін болмай отыр, бірақ Telegram мессенжеріндегі аккаунтты жихадшы топ жиі қолданатыны анықталған.

Соңғы бірнеше аптада еуропалық елдерде болған аяусыз шабуылдардың жауапкершілігін жихадшылар алды. Өткен аптада қылмыскерлер Франциядағы қарт шіркеу қызметкерін бауыздап өлтірді. 14 шілдеде Ницце қаласындағы шабуылдан кейін Германияда тағы төрт қанды оқиға тіркелді. 24 шілдеде Ансбах қаласындағы концерт кезінде жарылыс болған еді.

XS
SM
MD
LG