Ссылки доступа

Ереванда полиция полкін басып алу ісіне қатысы бар 47 адам ұсталды


Арменияда полиция полкін басып алу ісі бойынша 47 адам ұсталды. Олардың 24-не кепілдікке адам ұстады деген айыптар тағылды.

31 шілдеде "Құрылтай парламенті" оппозициялық партиясына кіретін "Сасна црер" қарулы тобы 15 күн бойында полиция ғимаратында адамдарды кепілдікке ұстап, кейін полицияға өздігінен берілді.

Еревандағы Азаттық алаңында дүйсенбі күні болған оқиғаға байланысты қоғамдық талқылау өтті. Атап айтқаннда, "Құрылтай парламентінің" мүшесі Арутюн Агламазян "Егер билік болған оқиғадан шешім шығармаса, мұндай көтеріліс Арменияның барлық жерінде болады" деп ескертті.

17 шілдеде "Сасна црер" полиция полкіне шабуылдаған кезде бір полковник қаза тауып, төртеуі ауыр жараланды. 7 адам кепілдікке алынды. Билікпен келіссөз жүргізгеннен кейін барып, олар босатылды. Топ өкілдері "Құрылай парламенті" партиясының лидері Жирайр Сефилянды босатуды талап етті. Ол заңсыз қару-жарақ сақтады деп қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG