Ссылки доступа

ЕҚЫҰ Армения билігін журналистерді қорғауға шақырды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ еркіндігі мәселелері бойынша өкілі Дунтя Миятович Армения билігін журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды полиция қызметкерлерінен немесе қылмыстық элементтерден сақтау шараларын жасауға шақырды.

Митятовичтің Армения СІМ басшысы Эдвард Налбандянға жолдаған үндеуінде былай делінген: «Армения билігі құқыққорғау органдары өкілдерінің журналистерге төзімді болуына итермелейтін шаралар қабылдауы керек».

«Полиция журналистер мен БАҚ өкілдерін қорғауы тиіс», - деп мәлімдеді Миятович.

30 шілдеде Еревандағы қақтығыстар кезінде 15 журналист зардап шекті, олардың ішінде «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» Армян редакциясының қызметкері де бар. Полицияның шеруге шыққандарды таратуы кезінде, жуан шоқпар мен темір шыбық ұстаған құқыққорғау органдары қызметкерлері журналистерге бас салды. АЕ/АР президенті Том Кент баспасөз өкілдеріне зорлық көрсетілуін сынға алды. Ол армян полициясы журналистер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болар деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG