Ссылки доступа

Өзбекстандық балаларға Оңтүстік Кореяда тегін операция жасайды


Операцияларды қордың бірнеше жылдан бергі сенімді серіктестері - Junior Chamber International – JCI (Корея) Халықаралық жастар ұйымы және Ча университетіне қарасты Пундан Ча госпиталі (Корея) өткізеді.

Биыл 25 мамырда Ташкент медициналық педиатриялық институты клиникасында жүргізілген тексеру нәтижесінде жүрегінде кемістігі бар 27 науқас анықталды, деп хабарлады Podrobno.uz. Солардың төртеуі – екіден 14 жасқа дейінгі балалар Оңтүстік Кореяға операцияға шақырылды.

2008-2015 жылдар аралығында Пундан Ча госпиталі 56 өзбек баласына қайырымдылықпен тегін операция жасап берді.

XS
SM
MD
LG