Ссылки доступа

АҚШ Сирияда улы газ қолданылғаны туралы ақпаратты тексеруге кірісті


Фото кадра видеролика, размещенного "Сирийской гражданской обороной" (1 августа 2016 года)
Фото кадра видеролика, размещенного "Сирийской гражданской обороной" (1 августа 2016 года)

Құрама Штаттар сириялық Саракеб қаласы маңына токсинді газдың контейнері тасталғаны туралы ақпаратты тексеруге кірісті. Шабуылдың нәтижесінде 33 тұрғын қаза тапты.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирбидің мәлімдеуінше, "егер бұл рас болса, онда оның зардаптары аса ауыр тиеді".

Бұған дейін хлорлы делінетін контейнерлердің сейсенбінің түнінде Идлиб провинциясында ресейлік Ми-8 ұшағы құлаған аймаққа тасталғанын "Сирияның азаматтық қорғанысы" волонтерлік тобы хабарлаған еді. Ұйымның YouTube-ке жүктеген бейнетаспасында тұншыққан адамдар және азаматтық қорғаныс күштерінің формадағы құтқарушыларының оларға оттегі маскаларын таратып жүргені бейнеленген. Улы контейнерлер тасталғанын сириялық адам құқығын қорғаушылар да хабарлады.

Оппозициялық Сирия ұлттық коалициясы бұны президент Башар Асадтың режимі жасаған деп есептейді. Бұл уақытта, сириялық САНА үкіметтік агенттігінің хабарлауынша, бүлікшілер Алеппоға газ оқтұмсықтары бар зымырындар тастады, соның салдарынан 5 бейбіт тұрғын қайтыс болып, тағы 8 адамның тыныс алу мүшелеріне зақым келді.

XS
SM
MD
LG