Ссылки доступа

Вашингтонда “С5+1” тобының кездесуінде Орталық Азия мәселелері талқыланады


Бүгін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтонда Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлерімен кездеседі. Жүздесу тақырыбы - аймақтық қауіпсіздік, экономикалық байланыстар, экологиялық мәселелер және климаттың өзгеруі, сондай-ақ гуманитарлық мәселелер.

Осы кездесуде “C5+1” форматының былтыр қарашада Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен алғашқы кездесуінде қаралған жобалар тағы да пысықталады. АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэниель Розенблюмнің айтуынша, “С5+1” тобының мақсаты - осы мемлекеттер алдындағы қауіп-қатерлерге қарсы бірлескен шара қабылдау.

АҚШ басшылығы қауіпсіздік мәселелесінде Орталық Азия елдерімен әріптестікті нығайтқысы келетіндігін жасырмайды және бұл елдердің үкіметтеріне Ауғанстан шекарасынан төнген - Талибан, ИГИЛ, есірткі тасымалы, терроризм және экстремизм қауіптеріне қарсы күресте көмек көлемін ұлғайтуға әзір.

Биыл шілдеде АҚШ конгресінің Сыртқы байланыстар жөніндегі комитетінің отырысында сөйлеген Даниэль Розенблюм билікті осы елдерге көмек көлемін ұлғайтуға шақырды. Оның айтуынша, АҚШ Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздіктің екі мақсатын көздейді - кеңестік елдердің мемлекеттілігіне қолдау көрсету және сыртқы күштердің ықпалдарына түспейтін мықты егеменді мемлекеттер қалыптастыру.

XS
SM
MD
LG