Ссылки доступа

Қорғантөбеде ресейлік 201-ші әскери база сарбазын өлтіріп кетті


31 шілдеге қараған түні Тәжікстанның Қорғантөбе қаласында ресейлік 201-ші әскери базада қызмет ететін сарбаз қайтыс болды. Офицерлердің бірі Озоди Радиосына бұл ақпаратты растады. Оқиға Хатлон облысының әкімшілік орталығындағы "Карина" мейрамханасында болған.

База офицерінің хабарлауынша, сол түні ресейлік әскер қызметкерлері мен тәжік жастары төбелесіп қалып, соның салдарынан ресейлік сарбаз қайтыс болды. Ресей азаматының аты-жөні және нақты неден өлгені туралы мәлімет жоқ. Сарбаздың мәйіті сақталған орын да әзірге беймәлім.

Ақпараттарға қарағанда, жексенбіге қараған түні болған жанжалда Қорғантөбе қаласы Есірткімен күрес агенттігі басқармасының қызметкері жараланған. Аталған мекемедегілер бұл ақпаратты растады.

Жергілікті тұрғындардың айтуларынша, ресейлік 201-ші базаның бір топ қызметкері әр демалыс сайын "Карина" мейрамханасында бас қосады.

XS
SM
MD
LG