Ссылки доступа

АҚШ Орталық Азия елдерімен әріптестігін арттырады (фото и видео)


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сәрсенбі күні Вашингтонда Орталық Азияның бес мемлекетінің сыртқы істер министрлерімен кездесуде терроризммен күрес және экономикалық дамуды жандандыру бағытында әріптестікті арттыруға шақырды.

Керри Құрама Штаттардың Орталық Азияда бірқатар жобасын жүзеге асырып қана қоймай, оларды аяғына дейін жеткізетінін мәлімдеді.

Мемлекеттік хатшы АҚШ үкіметінің терроризммен күрес, сауда және көлік салаларындағы аймақтық әріптестікті нығайтуға күш салатынын, Орталық Азиядағы экологиялық таза энергетикалық жобаларды қолдау үшін 15 миллион доллар бөлгенін айтты.

Бұған қоса Керри Құрама Штаттардың "Орталық Азиядағы әрбір мемлекеттің егемендігін, территориялық тұтастығын және тәуелсіздігін қолдайтындығын жеткізді. Сонымен бірге Мемлекеттік хатшы АҚШ-ты барлық бес мемлекеттегі адам құқығы саласындағы мәселелер алаңдататынына тоқталып өтті.

Джон Керри поддержал новые проекты в Центральной Азии
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:30 0:00

Құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан, сондай-ақ Құрама Штаттар кіретін "С5 + 1" тобының алғашқы отырысы былтыр қарашада Өзбекстанда өткен еді.

​Логотипсіз видоены мына жерден жүктеңіз: видео

XS
SM
MD
LG