Ссылки доступа

Биыл бес кітап шығарған Түркіменстан президенті тағы екеуін жазып жатыр


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов кезекті еңбек демалысында екі жаңа шығарма жаза бастады. Ондаған кітаптың авторы жыл басынан бері бес кітап шығарып үлгерген, деп хабарлады РИА Новости.

Шығармалардың бірі - түркі халықтарының түп атасы Оғызханнан таралатын түркімен халқының шығу тарихына арналады, ел екіншісінде - түркімен халқының рухани байлығы және сыйластығы, бейбітсүйгіштік қасиеті туралы баяндалады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, "бұл шығармаларға терең ізденіс қана емес, түркімен халқының дипломатиялық өнерін тиімді пайдалануы туралы тарихи мәліметтерді, соның ішінде шежірелер мен әдеби шығармаларды зерттеу арқау болды".

Түркіменстан президенті 25 шілдеден бері демалыста жүр. Жыл басынан бері мемлекет басшысының қаламымен жазылған бес кітап жарыққа шықты.

XS
SM
MD
LG