Ссылки доступа

БҰҰ: Украинаның шығысындағы жанжал құрбандары күрт көбейді


Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыс салдарынан қаза болған бейбіт тұрғындар саны жаз айларында күрт өсті. Шілде айында өлгендер мен жараланғандар саны былтырғы жылдың тамыз айындағы соғыс зардабының көрсеткішіне теңесті, деді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл Хусейн.

Ұйым мәліметі бойынша, Украинаның шығысында маусым айында 12 бейбіт тұрғын қаза болып, 57 адам жараланған, ал шілдеде аймақтағы жанжал 8 адамның өмірін жалмады, тағы 65 тұрғын жараланды. 2014 жылдың сәуірінен бері Донбаста тоғыз жарым мың адам өлген, олардың екі мыңы - бейбіт тұрғындар. Көбі артиллериялық оқтан қаза тапты. 2014 жылдың қыркүйегінде бекітілген Минск келісімі ауыр артиллерияны қолдануға тыйым салады.

Екі апта бұрын БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы жариялаған есебінде адамдардың жоғалып кетуі және сепаратистердің бақылауындағы аймақтарда қайтыс болғандар туралы баяндалған. Бұл жағдайлардың көбін әскери қылмысқа жатқызуға болады, делінген құжатта.

Донбастағы жалжал 2014 жылдың көктемінде Қырымдағы ресейлік аннексиядан кейін басталды. Киев және Батыс елдері сепаратистерге әскери қолдау көрсетті деп Ресейді айыптап отыр. Кремль оның бәрін жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG