Ссылки доступа

Сирия тобы ресейлік әскерилердің денелерін тұтқындағы азаматтарымен алмастыруды ұсынады


Сириялық содырлардың тобы 4 тамызда ресейлік Ми-8 тікұшақтан құлаған бес әскери қызметкердің денесі өздерінде жатқанын мәлімдеді. Олар денені кепілдікте отырған адамдарымен алмастыруды ұсынады.

Ресейлік әскери тікұшақ 1 тамызда Идлиб провинциясында оппозиция бақылайтын аймақта атып түсірілген. Кемедегі бес ұшқыш қайтыс болды. Бұл Ресейдің Сирияға 2015 жылдың қыркүйегінде әскери операция бастағаннан бергі ресми түрде жариялаған үлкен шығындары болды.

Алмастыру жөнінде талап қойып отырған Тұтқындар жөніндегі бас қор. Олар Башар Асал үкіметі мен Ливандағы "Хезболлах" шиит тобының кепілдікке ұстап отырған азаматтарын босатуды талап етеді. Бірақ тұтқындағылардың аты-жөндерін ашып айтпады.

XS
SM
MD
LG