Ссылки доступа

Түркияда бүгін Назарбаев пен Эрдоған кездеседі


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ресми сапармен Түркияға барады. Анкараға сапары барысында Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоғанмен кездесіп, кеңейтілген құраммен бірге келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан президенттінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу президенттік кешенде өтеді, деп хабарлады түрік президентінің әкімшілігі. Бұл Назарбаевтың Түркиядағы бүлік басылғаннан кейінгі Анкараға алғашқы ресми сапары. Түрік билігі сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкерісті қазір АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхуллах Гүлен ұйымдастырды деп есептейді. Бүлікке қатысқан деген күдікпен елде мыңдаған адам ұсталды. Олардың арасында жоғары лауазымды офицерлер, шенеуніктер және судьялар бар.

Келесі аптада Түркия президенті Ресейге сапарлап барып, ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездеседі деп жоспарланған. Түркия Сириямен шекарада ресейлік әскери ұшақты атып түсіргені үшін кешірім сұраған соң, Анкара мен Мәскеу қарым-қатынасы біршама түзеліп, Эрдоған осы жанжалдан кейін алғаш рет Ресейге сапарлап барады. Шілде айында Путин Эрдоғанға телефон соғып, әскери бүлікті өткерген Түркия билігіне қолдау білдірді.

XS
SM
MD
LG