Ссылки доступа

Түркіменстан Қазақстанмен шекарасын жауып тастады


Түркіменстан қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне байланысты Қазақстанмен шекарасын бес күнге жапты, деп хабарлады Интерфакс ақпарат агенттігі

"Түркіменстанда шекарадағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, соған байланысты 4-8 тамыз аралығында республикаға жеңілдетілген тәртіппен келетін шетел азаматтарын өткізу уақытша тоқтатылады", - деп хабарлады Қазақстанның Маңғыстау облысы мемлекеттік кіріс жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Әдетте Қазақстанмен арадағы шекараны президент Гурбангулы Бердымұхамедов Қазақстанмен шекаралас Балқан уалаятына сапармен барғанда жабатын.

Демалыста жүрген президент Балқан уалаятының Каспий теңізі жағалауында орналасқан Авазаға баруды жоспарлаған болуы керек.

Түркіменстанға жеңілдетілген тәртіппен өту ережесін Қазақстанның Маңғыстау облысының тұрақты азаматтары пайдаланады. Екі мемлекет арасындағы келісім бойынша, олар Түркіменстанның Балқан уалаятына бес тәулікке дейін визасыз кіріп-шыға алады.

XS
SM
MD
LG