Ссылки доступа

Әндіжандық шаруалардың кілемдері мен тракторларын тартып алды


Өзбекстанның Әндіжан облысы басшысының Балықшы ауданында өткізген жиналысында астық жоспарын орындамаған шаруаларға ауыр соққы боп тиген шешім қабылданды. Үкімет басшысының жазалау науқанын орындаушы әкім шаруаларды көпшілік алдында масқаралады.

Өзбек премьер-министрі Шавкат Мирзияевтің ұсынысымен басталған «Айбалта» жазалау науқаны барысында мақта мен астық жоспарын орындамаған берешек шаруалардың жұмыс техникасы, мал-мүлкі және автокөліктері тәркіленеді.

«Азаттық» тілшісіне балықшылық шаруалардың бірі облыс әкімі Шухрат Әбдірахманов тапсырмасын жиналыс аяқтала салысымен орындауға кіріскенін айтты. «Сиза ауылындағы Нодирбек Хокимовтың тракторын, 20 шақты кілемі мен паласын алып кетті. Күшпен тәркіленген мүліктерді Чинабадтағы мақта тазалау зауытының аумағына жеткізді», - деді шаруа.

Шаруалардың жеке мүлкін облыстық прокуратураның, сот департаментінің, ішкі істер органдарының және салық инспекциясының қызметкерлері тәркілеп жүр.

Фермерлер жоспарды орындай алмауын тұқым сапасының нашарлығы және мемлекеттік субсидияның бөлінбегендігімен түсіндірді.

XS
SM
MD
LG