Ссылки доступа

Эрдоған өлім жазасын қайта енгізу үшін депутаттардың қолдауын күтеді


Стамбулдағы мыңдаған халықтың алдында сөйлеген Эрдоған көпшілікті "Гүлен ұйымдастырған жүйені" жоюға шақырды. Түрік президенті, парламенттің мақұлдауымен, елде өлім жазасын қайтадан енгізуге уәде берді.

Эрдоған жақтастарының Түркиядағы көптеген қалаларда өткізген ірі шерулері Стамбулдағы жаппай митингке ұласты. Стамбулдан жүргізілген телерепортаждарға қарағанда, акцияға қатысушылар Эрдоғанның жалынды сөздерін байсалдылықпен қабылдады. Сахнаның алдыңғы қатарында отырған генералдар да президент баяндамасы кезінде өздерін байсалды ұстады. Шеруге жиналғандардың дені жастар. Халық митингке ұлттық тулар ұстап шықты.

Батыс елдері ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, "Демократия және азап шегушілер" деп аталатын Стамбулдағы митинг шілдедегі бүлікті ұйымдастырушыларды кінәраттау, ал Эрдоғанды қолдау мақсатында өткізілді.

Биыл 15 шілдеде Түркияда болған сәтсіз әскери төңкеріс кезінде 270-тен астам адам өлді. Бүліктен кейінгі бірнеше күннің ішінде билік 18 мың адамды ұстады немесе қамауға алды. Ондаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды. Қарулы күштерді тазарту жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG