Ссылки доступа

Еревандағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып сегіз адамға тағылды


Олардың үшеуі оппозициялық "Мұра" партиясының белсенділері, ал біреуі - "Жаңа Армения" қозғалысының мүшесі. Оппозиция жақтастары билікті қоғам белсенділерін қудалады деп айыптап, жаппай тәртіпсіздіктер үшін полицияға кінә артып отыр.

Оппозиция шеруіне қатысушылар мен полицияның қақтығысынан екі тараптың өкілдері де зардап шеккен еді. Митингте бірнеше журналист, солардың ішінде Азаттық радиосының тілшісі жараланды.

Армян оппозициясы бұл акцияларды "Сесна црер" қарулы тобын қолдау мақсатында ұйымдастырып келеді. "Сесна црер" 17 шілдеде еревандық полиция полкінің ғимаратын басып алып, оны айдың соңына дейін бақылауда ұстап тұрды. Қарулы топ бірнеше полиция қызметкерін кепілге алып, оларды тек келіссөздерден соң босатты. Өткен жексенбі күні басқыншылар билікке берілді.

XS
SM
MD
LG