Ссылки доступа

Назарбаева тағы да қарасораны қайта өңдеу өндірісін дамытуды ұсынды


Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, Астанада үкімет отырысында, қарасора қайта өңдеу өндірісін дамытуды ұсынды. Ол өсімдік шикізатын қайта өңдеу арқылы целлюлоза және медициналық дәрі-дәрмектер өндірісін дамытқысы келеді.

«Қазақстанда қағаз шығарылмайды. Бізде барлығы шеттен тасылады, ол өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Қазақстандық қағаз шығару ісі елдегі баспасөз үшін де өте өзекті мәселе", - деді Назарбаева.

Қарасора өндірісін дамытуды Назарбаева бірінші мәрте ұсынып отырған жоқ. 2014 жылы қаңтарда - парламент мәжілісінің депутаты болып жүрген кезде ол Шудағы қарасора алқабын ірі фармацевтикалық компанияларға қайта өңдеуге беруді ұсынған болатын. Сол кезде Назарбаева қарасораны өңдеуші зауыттар дәрі-дәрмек шығарып қана қоймай, елге жаңа жұмыс орындарын ашып беріп, бюджетке салық төлейтінін айтқан еді.

Қазақстанның Жамбыл облысындағы Шу алқабы есірткінің шикізат көзі саналады. Ресми мәлімет бойынша, мұндағы 130 мың гектар жерде қарасора өсіп тұр.

XS
SM
MD
LG