Ссылки доступа

Қырғызстанда әскерге жарамды жастардың шетелге шығуы шектелуі мүмкін


Қырғызстанның қорғаныс мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті шұғыл әскери қызметке жарамды жастардың шетелге шығуын уақытша шектейтін үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Қоғам талқылауына ұсынылған қаулы жобасы Қырғызстан үкіметінің сайтында жарияланды, деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Жобада елден кетудуге шектеу қоятын тетіктер анықталған.

Жобаның негіздемесінде келтірілген мәлімет бойынша, Қырғызстандағы экономикалық, сыртқы және ішкі көші-қон жағдайы азаматтарды әскерден бұлтаруға, әскер есебінен шықпай-ақ басқа өңірлерге немесе шетелге кетіп қалуға мәжбүрлейді.

XS
SM
MD
LG