Ссылки доступа

Баку Хадиджа Исмаилованың шартты мерзімін қысқартты


Бакудағы сот Азат Еуропа / Азаттық радиосының журналисі Хадиджа Исмаилованың шартты мерзімін үш жарым жылдан екі жыл үш айға дейін қысқарту туралы шешім шығарды. Осындай шешім қабылдауға не себеп болғаны хабарланбады.

Исмаилова 2014 жылы желтоқсанда ұсталды, ал 2015 жылдың қыркүйегінде оны жеті жарым жылға соттады. Ауыр қылмыстар жөніндегі Баку соты журналисті салықтан жалтарды, мүлікті иемденді, қызмет бабын асыра пайдаланды және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп айыптады.

Жоғарғы сот Исмаиловадан мүлікті иемдену және қызмет бабын асыра пайдалану баптарын алып тастаған соң, ол мамыр айында қамаудан босап шықты. Жаза мерзімі үш жарым жылға дейін қысқартылды.

Исмаилова ісін көпшілік оның Әзірбайжан билік басындағылардың сыбайласқан жемқорлық қылмыстары туралы репортаждары үшін қудалады деп есептейді. Журналист дайындаған материалдардың ішінде президент Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің қаржыны қалай ысырап қылуы мүмкін екендігі туралы мәселелер де көтерілген.

XS
SM
MD
LG