Ссылки доступа

Өзбекстанда кәсіпкерлерді қолма-қол ақшаны банкке тапсыруға мәжбірлеуде


Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚҚ) Шерабад ауданы бөлімінің басшысы жергілікті кәсіпкерлерге қолма-қол ақшаны банкке тапсыру жоспарын орындауға бұйырды.

Жергілікті кәсіпкерлердің бірінің айтуынша, жиналысты шілденің аяғында ҰҚҚ басшысы Бахром ака өткізген. "Ол кәсіпкерлерді қолма-қол ақшаны аз өткіздіңдер деп сөкті, намысына тиетін сөздер айтты. Мысалы, ол "Висол" мейрамханасының қожайыны Зафар аканы тұрғызып қойып, оған қоқан-лоқы көрсетті. Зәресі ұшқан кәсіпкер қазір таныстарынан қолма-қол ақша жинап жүр", - деді ол.

Басқа да кәсіпкерлердің айтуынша, оларға ай сайын банкке 6 миллион сом (930 доллар) өткізу тапсырылған. "Біз күніне 100-150 мың сом (15-23 доллар) әзер табамыз. Мұғалімдер мен зейнеткерлерде пластик карточка бар. Талап етілген ақша бізде жоқ", - деді кәсіпкер.

Халық банктің Шерабад аудандық бөлімшесінің қызметкері жергілікті арнайы қызметке қолма-қол ақша жинауды бақылау тапсырылғанын растады.

XS
SM
MD
LG