Ссылки доступа

Мәскеудегі қырғыздардың үйлену тойында атыс болғаны үшін іс қозғалды


Мәскеудің оңтүстігінде Қырғызстанда туған азаматтардың үйлену тойында атыс болып, полиция "бұзақылық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Елшілік мәліметі бойынша, бұзақылыққа қатысты тексеру жүріп жатыр, әзірге ешкімді ұстаған жоқ.

Қалыңдық пен күйеу баланың туыстары сөзге келісіп қалып, соңы төбелеске ұласты. Оқ атылды. Үйлену тойы 8 тамызда Борисовские пруды көшесіндегі кафелердің бірінде өткен. Хабарларға қарағанда, төбелесушілердің бірі тапанша алып шығып, бірнеше мәрте оқ атқан. Төрт адам жараланды, үшеуіне оқ тиген.

XS
SM
MD
LG