Ссылки доступа

Қазақстандық әйел Қырғызстанға өзге құжатпен бала алып өтпек болды


Қазақстандық әйел баламен бірге өзге біреудің туу туралы куәлігін көрсету арқылы Қырғызстанға өтіп кетуге талпыныс жасады, деп хабарлады Мемлекеттік шекара қызметі.

Қызмет мәліметі бойынша, ол 8 тамызда қырғыз-қазақ шекара бекетінде ұсталды. 23 жастағы Л. Ш. жасы үлкен қыздың туу туралы куәлігін көрсетіп, өзі ол құжаттармен кішкентай қызды алып өткісі келді.

Ұсталған әйел бес айлық қызының құжатын үлкен қызының туу туралы куәлігімен шатастырып алғанымен түсіндірген.

Хаттама толтырылған соң, ұсталған әйел милиция қызметкерлеріне берілді.

XS
SM
MD
LG