Ссылки доступа

Самарқанда аула сыпырушылар өз құқықтарын кетпен және күрекпен қорғап шықты


Азаттық радиосының хабарлауынша, өткен сенбі күні таңертең Самарқан облыстық әкімшілігі ғимаратының алдында елу шақты аулу сыпырушы наразылық акциясын өткізген. Олар жалақының тез арада төленуін, ал оны кешіктірген шенеуніктің жұмыстан қуылуын талап еткен.

Аула тазалаушылар Самарқан облысының әкімімен жолықтыруды сұрады. Жұмысшылар мамыр, маусым және шілде айларының жалақысын әлі алмаған болып шықты.

Куәгерлердің айтуларынша, әбден ашынған аула сыпырушыларды таратуға келген 20 шақты милиция қызметкеріне қарсы олар кетпен мен күрек ұстап шыққан.

Сол күні кешкісін жұмысшылар мамыр және маусым айларының жалақысын алды, ал шілденің айлығын бір апта көлемінде төлеуге уәде берген. Наразылық акциясы өткен күні Самарқан әкімі қаланың сәулеттендіру департаментінің басшысын жұмыстан шығарған.

XS
SM
MD
LG