Ссылки доступа

Ресейде Өзбекстан азаматы екі жерлесін бауыздап тастады (видео)


Ресейдің Обнинск қаласында Өзбекстанның 25 жастағы азаматы ұсталды. Оған өзбек әйелі мен оның қызын өлтірді деген күдік тағылды.

Обнинск қаласының тергеу бөлімі бастығының орынбасары Александр Кирсановтың Азаттық тілшісіне хабарлауынша, кісі өлтіру оқиғасы 6 тамызда қаланың орталық даңғылының бойындағы үйлердің бірінде болған.

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, күдікті мен қыз екеуінің арасы жақын болған. Бірақ қыздың анасы екеуінің араласуына қарсы болған.

Қыздың анасы мен жас жігіт арасындағы жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен бітті: ашуға бой берген жігіт пышақпен қыздың анасын бауыздап тастап, одан соң оларды ажыратуға талпынған қызға да пышақ сілтеген. Әйел мен қыз оқиға орнында көз жұмды.

Полицияның хабарлауынша, күдікті ертесіне Тверь облысында ұсталды.

XS
SM
MD
LG