Ссылки доступа

Өзбектің арнайы қызметі жол қауіпсіздігі инспекторларын "қара маскамен" тексерді


Дерек көздерінің Азаттыққа хабарлауынша, 8 тамызда "қара маска" киген арнайы қызмет өкілдері Әндіжанның жол қауіпсіздігі басқармасында күтпеген жерден тексеру жүргізген. Соның нәтижесінде басқарманың бірнеше қызметкері кісенделді.

Басқарма өкілдері рейд кезінде мекеменің алты қызметкері ұсталғанын растады, бірақ тексеруге қатысты мәлімет берген жоқ. Хабарларға қарағанда, бұл тексеру сыбайласқан жемқорлықпен күрес іс-шарасы аясында жүргізілген.

Дереккөз мәліметі бойынша, ұсталғандарға "пара алды, жол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдарды иемденді" деген күдік тағылды.

Жол қызметі саласында парақорлық деңгейін түсіру мақсатында Ташкент көшелерінде бақылау бейнекамералары орнатылды. Олар айдың аяғында іске қосылады. Бірақ, тәуелсіз бақылаушылардың пікірлерінше, орнатылған 120 камера 3 миллион тұрғыны бар Ташкент көшелеріндегі парақорлықпен күресуде аздық етеді.

XS
SM
MD
LG