Ссылки доступа

Душанбе және Кабул шекарадағы жағдайды талқылады


Ауғанстан президентінің ұлттық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мұхаммад Ханиф Атмар 10 тамызда Душанбеге барды. Сол күні оны Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қабылдады.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде "терроризм және экстремизммен күрес мәселелерімен қатар, мемлекеттік шекараларды қорғау жүйесін нығайту жолдары талқыланды".

Биыл тәжік-ауған шекарасында 17 қарулы қақтығыс тіркелген. Соның салдарынан 8 шекара бұзушы өлтірілген. 1400 шақырымдық тәжік-ауған шекарасы арқылы есірткі заттары Орталық Азия және Ресейдің қара базарларына заңсыз тасымалданады.

Соңғы уақыттары Тәжікстанмен шекаралас ауған провинцияларында тәліптер мен басқа да экстремистік топтардың ықпалы күшейді.

Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хабарлауынша, ел президентінің кеңесшісін тәжік әріптестері қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін шақырған. Ханиф Атмардың сапары Қырғызстанда жалғасады.

XS
SM
MD
LG