Ссылки доступа

Қытай үш мұсылман мемлекетімен терроризмге қарсы альянс құрады


Қитай, Тәжікстан, Пәкістан және Ауғанстан аймақтағы тұрақтылықты және терроризмге қарсы күресті нығайту үшін коалиция құратынын мәлімдеді. Осындай шешім төрт мемлекеттің қарулы күштері қолбасшыларының қытайлық Үрімші қаласында өткен кездесуде қабылданды.

Жиналыс Қытай Ұлт-азаттық әскері штабының басшысы генерал-полковник Фан Фэнхуэяның басшылығымен өтті. Тәжікстан, Пәкістан, Ауғанстан Қарулы күштері штабтарының басшылары өз үкіметтерінің терроризмге қарсы блок құру бастамасын қолдайтындарын мәлімдеді.

Бұған дейін қытайлық қолбасшы осы аталған елдерді аралап, мемлекет басшыларымен кездескен еді.

Ресейлік әскери сарапшы Александр Гольцтің пікірінше, мұндай альянстың құрылуы Қытай саясатында маңызды бетбұрыс жасайды. "Бұл Қытайдың дәстүрлі саясатынан бас тартқанын көрсетеді, бұған дейін ол қандайда бір әскери одаққа кіруден бас тартып келген еді", - деді ол.

Осындай коалиция Қытай басшылығымен құрылар болса, онда Бейжің аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөлді атқаратын болады. Ұлы державаға айналғысы келетін ҚХР үшін бұл үлкен жауапкершілік, дейді Гольц.

XS
SM
MD
LG