Ссылки доступа

БҰҰ Алепподағы «тыныштық жүйесін» аптасына екі күнге созуды ұсынды


БҰҰ Ресейдің сириялық Алеппо қаласындаңы әскери қимылдарды күніне үш сағат доғарып, гуманитарлық жүкті жеткізуге мүмкіндік беру туралы ұсынысына сын айтты. Тұрғындарға көмектесу үшін бұл уақыт аздық етеді, деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайен.

Ұйым өкілі "тыныштық жүйесін" аптасына екі күнге дейін созуды ұсынды. О'Брайенның айтуынша, осы уақыт аралығында гуманитарлық жүк дайындалып, шұғыл медициналық көмекке зәру тұрғындарды эвакуациялап үлгереді.

Бұған дейін ресейлік билік қоршауға алынған қалаға гуманитарлық көмек жеткізілуі үшін, Алепподағы әскери қимылды күніне үш сағатқа тоқтатуға дайын екендігін мәлімдеген еді.

Маусым айында үкімет әскері ресейлік әуе күштерінің көмегімен оппозиция бақылауындағы ауданға апаратын күре жолды жауып тастады. Жүздеген адам азық-түліксіз қалды.

9 тамызда БҰҰ Алеппо гуманитарлық апат алдында екенін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG