Ссылки доступа

Тәжікстанды дін еркіндігін шектеуші "аса қауіпті" елдер тізіміне енгізді


АҚШ-тың дін жөніндегі комиссиясы (USCIRF) тәжік билігін мұсылмандарға ғана емес, протестанттық және христиандық "Иегово куәгерлеріне" дін ұстануға кедергі келтірді деп сынап, Тәжікстанда "аса қауіпті" елдер санатына қосты.

Есеп 10 тамызда жарияланды. Онда Тәжікстан билігін БҰҰ-ның дін еркіндігі мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысының осы елге сапармен баруына дұрыс жағдай жасауға шақырған.

АҚШ-тың дін жөніндегі комиссиясының мәлімдеуінше, тәжік билігі бірқатар шенеуніктің "Салафия" ағымы және шейіттік бағытты ұстануына алаңдап отыр. Есепте дін ұстанушылардың арасында экстремистер мен қылмыскерлердің болуына байланысты, билік оларды қатаң бақылауға алғаны жазылған.

Тәжікстан Бас прокуратурасының өкілі дінге шектеу қойылады дегенді жоққа шығарды. Бас прокуратураның құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мадризо Халифаевтың мәлімдеуінше, діни сенімі үшін ешкім қудаланған жоқ, ұсталғандар мен қамалғандардың барлығының тыйым салынған діни ұйымдарға қатысы болған.

Тәжікстанда 2009 жылдан, әсіресе дін туралы жаңа заң қабылданғалы бері халықаралық ұйымдар мен батыс елдерінің сыны жиілеп кетті. Олар мешіттерді жауып, хиджаб киюге тыйым салып, дін ұстаушыларды қудалағына үшін тәжік билігін сынады.

XS
SM
MD
LG