Ссылки доступа

Мыңдаған "өзбек қалыңдығының" екі шекара арасындағы әурешілігі


Қырғызстанда мыңдаған өзбек қызы елден департациялануы мүмкін. Олар Қырғызстан азаматтарына тұрмысқа шыққанымен, бірнеше жыл бойы осы елдің төлқұжатын ала алмаған.

Сайёра Назарбекова он жыл бұрын Қырғызстан азаматына тұрмысқа шығып, үш баланың анасы атанды. Олар Қырғызстанның Ош қаласында тұрып жатыр. Осы уақыт аралығында Сайёра айына екі мәрте Өзбекстанға барып келуге мәжбүр. Өйткені, Қырғызстан заңдары бойынша, өзбек төлқұжаты барлар бұл елдең аумағында 60 күн ғана тұра алады. Қалыңдықтың жиі төркіндеуі отбасында жанжал туғызады.

Қырғызстандағы мұндай әйелдерді "өзбек қалыңдықтары" деп те атайды. Адам құқықтары жөніндегі орталықтың жетекшісі Жамила Гаффарова Қырғызстанда Сайёра секілді 10 мың "өзбек қалыңдығы" бар екенін айтты.

Қырғызстан билігі жергілікті азаматтарға үйленген шетелдіктерден өз елінің төлқұжатынан бас тартуды талап етпейді. Олар Қырғызстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте ала алады. Бірақ Өзбекстан билігі екі азаматтық қағидасын мойындамайды.

Өзбек төлқұжатынан бас тартудың өзі бірқатар қолайсыздықтар туғызады. Оның үстіне, Өзбекстан азаматтығынан бас тарту туралы шешімді президент Ислам Каримовтың өзі қабылдайды, сол себепті мұндай мәселенің қаралуы бірнеше жылға созылып кетуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG