Ссылки доступа

Түркіменстанның ірі қалаларында басқа жақтан келгендерді ұстай бастады


Түркіменстанда әлі күнге дейін тіркеу жүйесі бар. 3 тамызда Дашоғыз уәлаятының 83 тұрғыны Түркіменбашы қаласынан күшпен шығарылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Аймақтағы жұмыссыз халық Ашхабад немесе Түркіменбашы қалаларына нәпақа табуға ағылады. Бірақ жергілікті полиция шеттен келгендерді ұстап алып, оларды кейін қайтарып отырады. Тіркеу жүйесін бірнеше мәрте бұзғандарға әкімшілік жаза тағылатынын ескертеді.

Бұл жолы полицияның сырттан келгендерді ұстау операциясы алты күнге созылды. Осы уақыт аралығында оларды қаладағы полиция мекемелерінің абақтыларында ұстаған.

Одан соң ұсталғандарды полицияның бақылауымен Дашоғызға қатынайтын екі автобусқа отырғызып жіберген. Полицияның бір жауапты қызметкері бұндай науқан мақта жинау маусымы аяқталғанша үнемі жүргізілетінін ескерткен.

Жыл басынан бері Түркіменбашыда 378 адам ұсталып, есепте тұрған мекеніне қайтарылған. Ал Ашхабад қаласының полициясы екі аптаның ішінде 600-ден астам адамды кері қайтарған. Олардың дені - Марый және Лебап уәлаяттарының тұрғындары.

XS
SM
MD
LG