Ссылки доступа

Сот Ресейдегі тәжік еңбекші мигранттары қозғалысының қызметін тоқтатты


Ресейдің Жоғарғы соты Тәжік еңбекші мигранттары қозғалысының қызметін тоқтатып қана қоймай, ұйым жарғысы мен құжаттарының қате толтырылғаны үшін айыптады.

Бұған қоса сот ұйымның жалпыресейлік мәртебесі расталмағанын анықтады. Қозғалыстың Ресей аймақтарында 38 өкілдіге бар болса, заң бойынша олардың саны 43-тен кем болмауы тиіс.

Ұйым жетекшісі Каромат Шарифов Ресей Жоғарғы сотының уәждерін "көңілге қонымсыз" деп атады. Ол қозғалыс қызметін қалпына келтіру үшін Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа дейін баратынын айтты.

Шарифов ұйым қызметінің тоқтатылуын бірқатар ресейлік құрылымдардағы сыбайласқан жемқорлықты сынап, мәскеулік базарлардағы қылмыстық топтарды әшкерелегенімен байланыстырады. Ресей астанасындағы Садовод және Люблино базарларында тәжік еңбекші мигранттарын құл ретінде ұстаған.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Қозғалыстың жалпыресейлік ұйым ретінде тіркелгенін, сол себепті оның қызметіне елшілік араласа алмайтынын мәлімдеген.

Қозғалыс 2001 жылы "Тәжік-диаспора" деген атаумен құрылған. Жылдар өте келе ұйымның қызметі кеңейіп, 2008 жылы "Тәжік еңбекші мигранттары" қозғалысы ретінде тіркелген.

XS
SM
MD
LG